Анкетка жобасы Интернет желісінде Сіздің құпиялылығыңызды сақтауға міндеттенеді. Сіздің жеке мәліметтеріңіз қалай сақталатыны, жинақталатыны және өңделетіні жөнінде мәлімет алу үшін осы Құпиялылық саясатын оқып шығыңыз. Құпиялылық саясаты уақыт өте келе өзгеруі мүмкін, сондықтан да Сізге оны оқтын-оқтын оқып отыруға кеңес береміз.
Жалпы ережелер
Anketka.com сайтында тіркеу кезінде Сіздің атыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз, үй мекенжайыңыз, пошта индексіңіз, отбасы және жеке мүдделеріңізтуралы ақпарат сұралады. Сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша өзіңіз туралы ақпаратты (және ол нақтырақ болса), көп берген сайын, Сізге біз қызықты сауалнамаларды ұсына аламыз. Тіркелгеннен кейін Сіз Анкетка жобасының анонимді пайдаланушысы бола алмайсыз. Сізде сайттың әртүрлі қорғалған нысандарын пайдалану құқығыңыз пайда болады. Егер Сіз Анкетканың қолдау қызметіне сұраухатпен жүгінсеңіз, онда біз есеп жүргізіп, бұл корреспонденцияға жедел жауап қайтарамызыз. Анкетканың сізден жеке деректерді ұсынуыңызды сұраған әрбір бетте, біз әрдайым Құпиялылық саясатына сілтеме қоямыз.
Anketka.com сайтында орналасқан кейбір нысандар «Онлайн Маркет Интеллидженс Интернэшнл» ЖШҚ-ның зияткерлік меншігі болып табылады. Осындай нысандарды пайдалану РФ қолданыстағы заңнамасымен бекітілген.
Anketka.com сайтында басқа сайттарға ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер бар. «Онлайн Маркет Интеллидженс Интернэшнл» ЖШҚ компаниясы осы сайтта жарияланған мәліметтер үшін жауапты болмайдыжәне біздің сайттың пайдаланушылары үшін ыңғайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ғана оларға сілтеме ұсынады.
Anketka.com сайтында жарияланған мәліметтер ақпараттық сипатқа ие және оларға алдын ала ескертусізкез келген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Жеке деректерді жинау және қауіпсіздік
Сіз Anketka.com сайтында болған кезде, және Сізден жеке деректер сұратылған жағдайда жеке келісілетін жағдайды қоспағанда, сіз оларды «Онлайн Маркет Интеллидженс Интернэшнл» ЖШҚ компаниясына ғана хабарлайсыз. Егер деректер «Онлайн Маркет Интеллидженс Интернэшнл» ЖШҚ-дан басқа кез келген басқа компаниямен сақталатын және/немесе жиналатын болса, Сізді ол туралы ақпаратты жіберген сәтке дейін хабардар етеді. Егер Сіз ақпаратты жіберуге келісім бермесеңіз, онда Сіз тиісті қызметті қолданудан бас тартып, оны болдыртпайсыз.
Анкетка жобасы өзіннің қатысушылары туралы ақпаратты сатпайды және пайдалануға ұсынбайды. Егер Сіздің жеке ақпаратыңызды үшінші тұлғаға ашу керек болса, онда ақпаратты жібергенге дейін ол туралы сізді хабардар етеді және Сіз әрдайым жеке деректерді болдырмау мүмкіндігіне иесіз. Егер Сіз жеке деректеріңізді ашқыңыз келмесе, Сіз осындай ақпарат алу үшін қажет қызметті қолданудан бас тарта аласыз.
Anketka.com сайтында өтетін жарнама науқандары басқа компаниялармен қаржылануы мүмкін немесе Анкетка жобасымен бірге жүргізілуі мүмкін. Жарнама науқаны кезінде жиналған ақпарат ішінара немесе толық демеуші тарапынан қолданылуы мүмкін. Егер ақпарат үшінші тараппен қолданылатын болса, Сіз ақпаратты жинау және жіберу сәтіне дейін ол туралы хабардар боласыз. Сіздің дербес деректеріңізді басқа біреудің алғанын қаламасаңыз, Сіз жарнама науқанына қатысудан бас тарта аласыз.
Біздің сайтқа сілтемелерді жариялайтын Анкетка жобасының жарнама берушілері немесе веб-сайттар да Сіздің жеке деректеріңізді жинай алады. Anketka.com порталының сілтемелерімен байланысқан н веб-сайттардың ақпараттық саясаты осы Құпиялық саясатына бағынбайды.
Анкетка жобасы «cookie» қолданады. «Cookie» («куки», ағылшыннан аударғанда- кішкентай піспенан, бауырсақтар) — сервердің Сізге жіберетін және Сіздің компьютеріңіздегі қатты дискіде сақталатын ақпараттың шағын бөлігі. Анкетка дербестендірілген қызметтерді ұсыну мақсатында Сіз туралы ақпаратты сақтау үшін «cookie»-ді қолдана алады. Құпиясөзбен немесе Сіз өзгерте алатын Anketka.com сайтының кейбір беттері Сіздің «cookie»-ді қабылдағаныңыздыын қалайды. Ол Сізге біздің сайтқа кірген кезде күні бойы құпиясөзді бірнеше рет енгізуіңізді болдырмау үшін көмектеседі.
Анкетка ақпаратты жинау үшін кейбір серіктестерге «cookie»-ді қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда осындай компаниялардың «cookie»-ді қолдануы бұл құжаттың аясына жатпайды, ал сол компаниямен реттеледі.
Тек ғана Anketka.com сайты (немесе Anketka.com атынан жұмыс істейтін және Құпиялылық саясатын ұстанатын өкілдер) Сізге осы хабарламаларды алуға Сіздің алдын ала келісіміңіз бойынша тікелей хабарлама жібере алады. Және Сізде «cookie»-ге қатысты таңдау бар. Сіз барлық «cookie» қабылдау, әрбір «cookie» туралы алдын ала хабарламаны алу үшін немесе қандай да бір «cookie»-ден бас тарту үшін Сіздің браузеріңізді теңшеуге болады. Егер Сіз бырлық «cookie»-ден бас тартуға бекінсеңіз, онда Сіз қатысу үшін тіркеуді талап ететін Anketka.com сайтының қызметтерін қолдана алмайсыз
Жеке деректерді қолдануға және таратуға шектеулер
Анкетка жобасының ұйымдастырушылары Сіздің жеке деректеріңізді ашпайды, тек бізде Сіздің рұқсатыңыз болған кезде немесе ерекше жағдайларда ғана істей алады (мысалы, егер РФ заңнамасы талап еткен жағдайда ғана). Сіздің жеке деректеріңізге қалайша рұқсат берілетіні жөнінде толық ақпаратты алу үшін, біздің әрбір өнімдеріміз бен қызметтерімізге арналған Пайдаланушы келісімін мұқият оқып шығыңыз. Әрі қарай Сіздің дербесақпаратыңыздыңтың ашылуының кейбір жағдайлары сипатталады.
Бизнес-серіктестер мен демеушілер
Анкетка жобасы бизнес-серіктестерге және демеушілерге Сіздің жеке деректеріңізге кіру рұқсатын ұсынуы мүмкін, бірақ Сізді міндетті түрде ақпаратты жинау және жіберу алдында хабардар етеді және Сіз бас тартуға құқылысыз. Көптеген жарнама науқандары қатысушыларға демеушілерден қосымша ақпаратты сұрау мүмкіндігін ұсынады. Қосымша ақпаратты сұрай отырып, Сіз Anketka.com сайтының жасаушыларына Сіздің сұранысыңызды орындау үшін демеушіге Сіздің дербес ақпаратыңызды жіберуге рұқсат бересіз. Көптеген жағдайларда бұл мақсаттар үшін тек Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз қажет болуы мүмкін. Егер бізге демеушіге Сіздің басқа да деректеріңізді жіберу керек болса, онда сіз ол туралы алдын ала хабардар боласыз. Кейде Сізге үшніші тараптардан арнайы ұсыныстар немесе материалдарды алуды ұсынуы мүмкін. Егер Сіз үшінші тараптан ақпаратты алуға келіссеңіз, Анкетка сіздің рұқсатыңызбен Сіздің атыңызды және электрондыпошта мекенжайыңызды жібереді.
Үшінші тараптарға деректер және жинақталған деректер
Құпиялылық саясатының шарты бойынша, Анкетка үшінші тараптың деректерімен пайдаланушылар ақпаратын салыстыра алады. Сондай-ақ Анкетка өзіннің әлеуетті серіктестерге, жаранама берушілерге және басқа да тараптарға, сондай-ақ заңнамада қарастырылған жағдайларда жобаның қатысушылары туралы жалпылама статистикалық деректерді (мысалы, біздің қатысушылардың 45%-ы - әйелдер) ұсына алады.
Басқа
Анкетка жобасының Пайдаланушы келісімін бұзатын, Анкетка жобасының, Anketka.com-ның басқа пайдаланушыларының немесе осындай қызметтің нәтижесінде кез келген басқа тұлғалардың құқықтарына немесе меншігіне зиян келтіретін немесе басып кіретін (қасақана немесе байқаусызда) тұлғалардың жеке басын анықтау, олармен байланыс орнату немесе оларға қарсы құқықтық іс-әрекеттерді қозғау үшін қажет болатын ақпаратты ашуға салмақты негіздемелер бар болған айрықша жағдайларда қатысушы туралы ақпаратты аша алады. Анкетка жобасы заң талап еткен жағдайда, сондай ақ біздің өнімдер мен қызметтерді қолдау және жетілдіру үшін қажетті әкімшілік және басқа да мақсаттарда жеке деректерді аша алады немесе кіруге рұқсат бере алады.
Жеке деректерді жоғалтудан немесе рұқсатсыз пайдаланудан қорғау
Anketka.com сайтында Сіздің шотыңыз және Сіздің профиліңіз (жеке деректердің) туралы ақпарат сол ақпаратқа сіз ғана кіре алу үшін құпиясөбен қорғалған. Біз Сізге өзіңіздің құпиясөзіңізді ешкімге брмеуді ұсынамыз. Анкетка жобасы қорғалмаған телефон сөйлесуінде сіздің құпиясөзіңізді сұрамайды немесе қорғалмаған электрондық пошта хабарламасында оны жазуыңызды сұрамайды. Сондай-ақ Anketka.com сайтында өзіңіздің шотыңыздан шығып бара жатқанда, жұмыс аяқталған соң браузер бетін жабуды ұмытпаңыз. Бұл Сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кіруден, сондай ақ Сіз компьютердің жалғыз пайдаланушысы болмаған жағдайда, Сізді қорғайды.
Сыйлыққа тапсырыс бергенде, Сізден туған күніңізді енгізуді сұраймыз. Бұл Сіздің есептік жазбаңызды зиянкестерден қорғаудың тағы бір жолы. Туған күніңізді қатарынан 3 рет қате енгізсеңіз, есептік жазбаңыз бұғатталады. Аккаунтыңыздың құлпын ашу үшін бізге Сіздің толық аты-жөніңіз бен туған күніңіз бар жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесін жіберуіңіз керек. Егер алған құжаттағы тегіңіз бен атыңыз Сіздің аккаунтта көрсетілгенднрмен сәйкес келсе, біз Сіздің аккаунтыңызды бұғаттаудан ашамыз және Сіз жиналған сыйақыны ала аласыз. Құжатты беруден бас тартсаңыз, Anketka.com аккаунтты бұғаттаудан шығару және қаражатты шығару мүмкіндігінен бас тартады, өйткені бізге есептік жазбаның шынайы иесі сыйақыны шығарып жатқанына көз жеткізуіміз керек.
Анкетка жобасының қызметкерлері әрдайым әрекет еткен жеріңізге қарамастан, Сіздің дербес деректеріңізбен жұмыс істеп жатады және компания Сіздің ақпаратыңыздың қорғалуын, сервистің тиісті шарттарының, сондай ақ біздің Құпиялылық саясатымыздың сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдайды.
Өкінішке орай Интернет желісі бойынша ақпаратты жіберу қауіпсіздігіне 100% кепілдік беру мүмкін емес. Сондықтан да біз Сіздің жеке деректеріңізді қорғауға тырысқанымызға қарамастан, Anketka.com сайты тікелей және біздің онлайн сервистер арқылы Сізден бізге ақпараттың жіберілу қауіпсіздігіне толық кепілдік бере алмайды, сондықтан да Сіз оны тәуекелге бел буып жасайсыз. Сіздің ақпаратыңызды алғаннан кейін біз біздің сақтау жүйемізде барынша қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.
Интернет желісіне Сіз өз еркіңізбен жеке деректеріңізді (мысалы, чаттарда, форумдарда немесе блогтарда) жария етсеңіз, бұл ақпарат үшінші тұлғамен жиналып, қолданылуы мүмкін екені жөнінде ұмытпағаныңыз жөн. Бір сөзбен айтқанда, егер Сіз желіден өз жеке деректеріңізді жария етсеңіз, сіз рұқсатсыз хабарламаларды немес СПАМ хабарламаларды ала аласыз. Нақты айтқанда, Сіз ғана өзіңіздің құпиясөздеріңізжәне/немесе сіздің шотыңыз туралы кез келген ақпараттың сақталуына жауапты боласыз. Сізді Интернет желісінде жұмыс істеген сайын сақ болуыңызды сұраймыз.
Жеке деректердің өзгеруі
Сіз шотыңыз туралы ақпаратты қарауға және кез келген уақытта, жүйеге кіру үшін Сіздің логин және құпиясөзді пайдалана отырып, Anketka.com сайтында жеке деректерді өзгерте аласыз. Сондай-ақ Сіз Анкетка жобасында өзіңіздің жеке шотыңызды өшіре аласыз. Сіздің жеке шотыңызды өшіру үшін support@anketka.com мекенжайы бойынша бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл жағдайда Сіздің деректеріңіз базада қалып қояды, бірақ Сіз жобаа ешқандай хабарламалар алмайтын боласыз. Қалаған жағдайда Сіз кез келген уақытта жобадағы шотыңызды қалпына келтіре аласыз. Ол үшін support@anketka.com мекенжайы бойынша бізбен хабарласыңыз. Егер сіз толық өзініздің деректеріңізді өшіргіңіз келсе, support@anketka.com мекенжайы бойынша бізге жазыңыз. Сіздің деректеріңіз 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде толық жойылатын болады.
Құпиялылық саясатымен байланысты сұрақтарды support@anketka.com мекенжайы бойынша жіберу керек.
Күшіне ену күні: 21.10.2021 жыл.