Төменнен жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын көруіңізді сұраймыз. Егер Сіз өз сұрағыңызға жауап таппасаңыз, support@anketka.com мекенжайы бойынша біздің қолдау қызметімізге жазыңыз.
-
Анкетка жобасына қатысу
-
Анкетка жобасына қатысу мен үшін несімен тиімді?
Біріншіден, біздің жобада Сіз өз пікіріңізді білдіру арқылы ақша таба аласыз.
Екіншіден, Анкетка жобасына қатысу - бұл жетекші әлемдік өндірушілердің жаңа өнімдері мен қызметтерін жасауға қатысудың бірегей мүмкіндігі. Біздің жобаға қосыла отырып, Сіз Ресейдегі, Қазақстандағы, Украинадағы және Беларусьтегі тұтынушылардың ең ірі желілік қоғамдастығының қатысушысы боласыз және Кока-Кола, Майкрософт немесе Форд Моторс сияқты компаниялардың онлайн сауалнамаларына қатыса аласыз.
Үшіншіден, сауалнамаларға қатысу қызықты. Сіз әрқашан тауарлар мен қызметтердің алып әлемінің жаңа тенденциялары жөнінде хабардар боласыз. Мысалы, Сіз ұялы байланыс операторы қандай тарифті енгізуді жоспарлап отырғанын, сүйікті сыраңызда қандай жарнамалық науқан болатынын немесе жақында танымал маркадағы автомобильдердің қандай жаңа модельдері салондарда пайда болатынын алғашқылардың бірі болып білесіз.
Төртіншіден, Сіз тапқан ақшаңызды қайырымдылыққа жұмсай аласыз және балаларға, үйсіз немесе жойылу қаупі төніп тұрған жануарларға көмектесуге қолдан келген үлесіңізді қоса аласыз. Ол үшін қажетті нәрсе — сауалнамаларға қатысу және өз пікіріңізді ашық білдіру.
Бесіншіден, жобаға қатысу мүлдем қауіпсіз. Сіздің жеке деректеріңіз Сіздің келісіміңізсіз ЕШҚАШАН үшінші тұлғаларға берілмейді немесе сатылмайды. Біз Сіздің байланыс ақпаратыңызды СПАМ немесе жарнамалық хабарламалар жіберу үшін пайдаланбауға міндеттенеміз.
-
Анкетка жобасына кім қатыса алады?
Біздің жобаларымыздың негізгі бөлігі Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанның қатысушыларына арналған. Егер Сіз басқа елде тұрсаңыз, біз Сізге бонустар жинауға көптеген мүмкіндіктер ұсына аламыз деп уәде бере алмаймыз.
Біздің жобаға 12 жасқа толған барлық адамдар қатыса алады. Егер Сіз 14 жасқа толмаған болсаңыз, онда Сіздің жобаға қатысуыңыз үшін ата-анаңыздың біреуінің келісімі қажет. Жобаға тіркелу кезінде Сізден оның келісімін растау үшін оның электрондық пошта мекенжайын көрсетуіңізді сұраймыз.
-
Анкетка жобасы жиналған ақпаратты қалай пайдаланады?
Біздің мақсатымыз - статистикалық ақпаратты жинау (мысалы, әйелдер мобильді интернетті смартфондардан, ал ерлер планшеттерден жиі пайдаланады). Біздің клиенттеріміз сауалнамалық сұрақтар бойынша Сіздің жауаптарыңызға ғана қол жеткізе алады. Сіздің жеке деректеріңіз Сіздің келісіміңізсіз үшінші тұлғаларға берілмейді. Толығырақ ақпаратпен Сіз Құпиялылық саясатында таныса аласыз.
-
Анкетка жобасына қалай тіркелуге болады?
Біздің жобаға тіркелу үшін, осы сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз. Тіркелу уақыты үш минуттан аспайды.
-
Мен сауалнамаларға шақыруларды қалай аламын?
Біз Сізге жобаға тіркелу кезінде Сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына сауалнамаларға шақыру жібереміз. Сондай-ақ, Сіз біздің сайттан пуш-хабарламаларға жазыла аласыз, ол үшін өзіңіздің Жеке кабинетіңізге кіріп, жоғарғы сол жақ бұрыштағы қалқымалы терезеде "Иә, қалаймын!" дегенді басыңыз.
-
Менің Анкетка жобасына қатысуымды қалай барынша тиімді етуге болады?
Бірнеше қарапайым ережелері бар:
Профильдік сауалнаманы толтырыңыз. Осы ақпаратқа сүйене отырып, біз Сізге қызықты болатын сауалнамаларға шақыру жібереміз.
Профильдік сауалнаманы жаңартыңыз. Біз профильдік сауалнама блоктарын жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет жаңартуды (нақты блокқа байланысты) сұраймыз. Профильдік блокты жаңарту уақыты келгенде, ол Сіздің жеке кабинетіңізде пайда болады және сауалнаманың соңғы беттерінде көрсетіледі.
Сауалнамаларды мұқият және зейін салып толтырыңыз, шыншыл жауап беріңіз. Біз жауаптардың сапасын мұқият қадағалаймыз, өйткені сауалнама нәтижелерін әлемдегі ең ірі өндірушілер стратегиялық шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.
Сауалнамаға жаңа шақырулар туралы мүмкіндігінше тез білу үшін Анкеткадан пуш-хабарландыруларға жазылыңыз. Ол үшін Жеке кабинетіңізге кіріп, жоғарғы сол жақ бұрыштағы қалқымалы терезеде "Иә, қалаймын!" дегенді басыңыз.
-
Сауалнамаларға қатысу туралы шақырулар маған қаншалықты жиі келетін болады?
Сауалнамаға шақыру жиілігі әр түрлі болуы мүмкін. Сұраққа қандай адамдар шақырылатыны оның тақырыбына байланысты. Мысалы, автомобиль бойынша сауалнамаларға автомобиль иелері, жануарларға арналған азық-түлік бойынша сауалнамаларға үй жануарлары бар адамдар шақырылады. Ай сайын біз бірнеше жүздеген сауалнамалар жүргіземіз, және біз олардың кейбіріне шақыруды дәл Сізге жібереміз! Егер белгілі бір уақыт ішінде Сізге шақыру келмесе, уайымдамауыңызды сұраймыз - жақын арада бізде Сізді шақыра алатын сауалнама пайда болады! Сондай-ақ, қолдау қызметі Сіздің аккаунтыңызды тексеруі үшін бізге жаза аласыз.
-
Сауалнама парақтарының толтырылу сапасын қалай қадағалайсыз?
Сауалнамаларды нашар толтыратын адамдар өте аз болады және біз олармен белсенді түрде күресеміз. Біз тіркеу сауалнама парағыныңжәне басқа сауалнамалардың сұрақтарына жауаптарды салыстырамыз, сауалнамаларға жауаптардың мазмұндылығын және олардың қисындылығын бақылаймыз. Егер біз жобаға қатысушының сұрақтарға сапасыз жауап беретінін байқасақ, біз оған ескерту жібереміз. Егер оның жауаптарының сапасы жақсармаса, біз оның жобаға қатысуын тоқтатамыз.
-
Неліктен әр сауалнама парағында маған жынысым, жасым және тұрғылықты жерім туралы сұрақтар қайта-қайта қойылады, мен тіркеу кезінде мұндай сұрақтарға жауап бердім емес пе?
Әдетте, әр сауалнаманың нәтижелері бойынша әр қалада тұратын қатысушылардың белгілі бір санын теру керек. Бізде белгілі бір жыныстағы, жастағы және тұрғылықты жердегі адамдарға квоталар бар. Мысалы, сауалнама бойынша Шымкенттен 18-35 жас аралығындағы 200 әйелден және 36-45 жас аралығындағы 150 ер адамнан жауап жинауымыз керек. Мұндай топтағы адамдардың саны автоматты түрде қадағалануы үшін біз осы сұрақтарды сауалнама парағында тағы бір рет қоюымыз керек. Сіздің бұған түсіністікпен қарайтыныңызға сенеміз.
-
-
Анкетка жобасына қатысу үшін сыйақы
-
Бір сауалнаманы толтырғаным үшін мен қанша аламын?
Сауалнамадан өту үшін қандай сыйақы алуды өзіңіз таңдайсыз: Ақша немесе Жақсылық. Сыйақыны таңдау әр сауалнаманың соңғы парақшасында жүзеге асырылады.
Ақшаны таңдап, Сіз жобадағы шотыңызға сауалнамаға шақыруда көрсетілген соманы аласыз. Орташа алғанда, бұл толық сауалнаманы толтыру үшін 40-тан 100 ұпайға дейін, ал қысқа сауалнаманы толтыру үшін 5 ұпай.
Жақсылықты таңдай отырып, Сіз өз таңдауыңыз бойынша қайырымдылық қорына жарна саласыз.
Алтын ұпайларды супер жүлделерге айырбастауға болады. Алтын ұпайлар үшін жүлделер тізімімен мына жерден таныса аласыз. Сауалнама парағының толық нұсқасын толтырған кезде Сіз 100 алтын ұпай, қысқасы үшін — 10 алтын ұпай аласыз. "Алтын" шартты ұпайлары тек Ресей Федерациясының қатысушылары үшін қол жетімді.
-
Мен сауалнамадан өткен соң, сыйақыны таңдауды ұмытып кеттім. Мен не аламын?
Егер сауалнамадан өткеннен кейін Сіз өзіңіздің сыйақыңызды таңдамай, парақшаны жапсаңыз, Сіз автоматты түрде Ақша аласыз.
-
Менің шотымда жинақталған қаражат туралы ақпарат қаншалықты жиі жаңарады?
Егер шақыруда өзгеше жағдай көрсетілмесе, сауалнамаға қатысу үшін ақша мен алтын ұпайлар сауалнама парағын толтырғаннан кейін бірден есептеледі. Сіз өзіңіздің Жеке кабинетіңізде теңгерімді қадағалай аласыз. Сирек жағдайларда, сауалнамадан өткеннен кейін қатысушы сыйақы есептелетін бетке қайта жіберілмей қалады. Мұндай жағдайларда біз сауалнаманы өткізу аяқталғаннан кейін, сыйақыны қолмен есептейміз.
-
Жинақталған сыйақыны қола-қол ақшаға қалай айналдыра аламын?
Сыйақыны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Жеке кабинетте Қолма-қол ақшаға айналдыру түймесін басыңыз. Егер Сіз Қазақстанда тұрсаңыз, ақшаны банк картасына ала аласыз. Сыйақыны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін шотта 1000 ұпай жинау жиналуы тиіс. Осыдан кейін Сіздің банктік картаңызға 6000 теңге аударылады.
-
-
Анкетка жобасына қатысудың түйіткілді мәселелерін шешу
-
Мен Анкетка жобасына тіркеле алмай жатырмын
Егер тіркеу кезінде жүйеде қателік орын алса, басқа браузерді (мысалы, Google Chrome, Yandex Browser, Mozilla Firefox) пайдаланып, қайтадан тіркеліп көріңіз.
-
Тіркелгеннен кейін менің қатысуымды растауға арналған сілтемесі бар хатты алмадым
Тіркеуді растайтын хабарламалар автоматты түрде жіберіледі. Бірақ олар Спамға түседі немесе жай ғана жетпей қалады. Егер Сіз кенеттен бізден активациялық сілтемесі бар хат алмаған болсаңыз, осы жерді басып, тіркелу кезінде өзіңіз көрсеткен e-mail-ды енгізіңіз, біз Сізге сілтемені қайта жібереміз.
-
Мен өзімнің Жеке кабинетіме кіре алмай жатырмын
Жобаға тіркелу кезінде пайдаланған пошта мекенжайын дәл енгізгеніңізге көз жеткізуіңізді сұраймыз (мысалы, vasya_pupkin@ya.kz және vasya_pupkin@yandex.kz) әр түрлі мекенжайлар ретінде қабылданады.
Егер Сіз өз құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз, осы жерді басыңыз, өз E-mail-ыңызды теріп, "Қалпына келтіру" түймесін басыңыз. Сіздің поштаңызға жаңа құпиясөзі бар автоматты түрдегі хат келеді. Егер хат ұзақ уақыт бойына келмесе, онда поштаңыздың СПАМ папкасын тексеріңіз.
Егер Сіз логин мен құпиясөзді дұрыс енгізгеніңізге сенімді болсаңыз, бірақ жеке кабинетке әлі де кіре алмай жатсаңыз, басқа браузерді пайдаланыңыз, егер бұл да көмектеспесе, қауіпсіздік параметрлерін "орташа" немесе "орташа-жоғары" күйіне қойыңыз. Сонымен қатар, JavaScript қосылғанын тексеріңіз.
Егер ештеңе көмектеспесе, қолдау қызметі аккаунтыңызға кіруді қалпына келтіруге көмектесуі үшін бізге жазсаңыз болады.
-
Мен сілтеме бойынша сауалнамаға кірдім, алайда сауалнаманың жабық екендігін байқадым. Мұның себебі неде?
Әр сауалнамада жауаптардың белгіленген санын теру керек. Қатысушылардың тиісті саны сауалнаманы толтырғаннан кейін сауалнама жабылады. Сондықтан сауалнамаларға шақыруды алғаннан кейін оларды бірден толтыруды ұсынамыз.
-
Сауалнамаға сілтеме ашылмай жатыр. Не істесем болады?
Біраз уақыттан кейін басқа жерден немесе басқа браузерді пайдаланып, сілтеме бойынша қайталап көруіңізді сұраймыз. Егер мәселе шешілмесе, бізге жазуыңызды сұраймыз.
-
Мен сауалнама парағын толтырып отыр едім, бір сәтте ол іркіліп қалды, енді оны толтыруды жалғастыра алмай отырмын. Не істесем болады?
Сауалнама парағы бар бетті жауып, оны қайта ашып көруіңізді сұраймыз. Көп жағдайда Сіз тоқтаған сұраққа қайта ораласыз.
-
Мен сауалнаманы толтырып отырғанмын, кенеттен экранда ағылшын тілінде / сұр экран / жүйе қатені көрсетті деген жазба пайда болды. Не істесем болады?
Сауалнама кезінде іркіліс орын алуы ықтимал. Басқа браузерді пайдаланып, сілтемеге қайта кіріп көруіңізді сұраймыз. Егер бұл көмектеспесе, туындаған жағдайдың шешу үшін бізге жазыңыз.
-
Мен дұрыс емес жауапты кездейсоқ басып қалдым. Мен сауалнамадан қайтадан өте аламын ба?
Өкінішке орай, сауалнаманы толтыру кезінде кері қайтуға болмайды. Келесі жолы мұқият болуыңызды сұраймыз.
-
Мен сауалнаманы толтыруды бастаған едім, алайда менде Интернет/ электр энергиясы өшіп қалды. Сауалнамаға қатысуды жалғастыра аламын ба?
Сілтеме бойынша тағы да кіріп көруіңізді сұраймыз. Көп жағдайда, Сіз тоқтаған жеріңізден толтыруды қайта жалғастыра аласыз.
-
Мен сілтеме бойынша өттім, бірақ жүйе "Кіру кодын енгізіңіз: шот нөмірі және құпиясөз" хабарламасын берді. Сауалнаманы толтыруды қалай бастауға болады?
Мұндай хабарлама жүйенің қателігі болып табылады. Бізге жазуыңызды сұраймыз, біз бұл мәселені шешеміз.
-
Мен сауалнамадан өттім, алайда менің шотым толықпады. Не істеу керек?
Көп жағдайда ұпайлар сауалнама аяқталғаннан кейін автоматты түрде шотқа түседі. Егер бұлай болмаса, бұл Сіздің сауалнамадан толық өтпегеніңізді немесе бұл сұрақ ерекше жағдайлардың бірі екенін білдіреді және оған қатысқаны үшін сыйақы бүкіл зерттеу аяқталғаннан кейін есептеледі.
-
Мен сауалнаманы өте ұзақ толтырдым, бірақ менде сауалнама парағының қысқа нұсқасын толтырғаным туралы хабарлама пайда болды. Неге бұлай болды?
Сауалнама парағында ұзын іріктеу бөлімі бар. Егер іріктеу бөлігінде 15 сұрақтан көп болса, онда бүкіл зерттеу аяқталғаннан кейін біз 15 және одан да көп сұрақты толтырған және қысқа нұсқасы үшін сыйақы алған қатысушыларға сыйақыны қосымша есептейміз. Сирек жағдайларда, бұл жағдай сауалнаманы бағдарламалаудағы қателікке байланысты болуы мүмкін. Егер Сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз.
-
Маған спам келді
Анкетка жобасы ешқашан спам жіберумен айналыспайды және біздің атымыздан спам жіберудің барлық әрекеттерін қатаң түрде тоқтатады. Егер Сіз кенеттен осындай хат алсаңыз, оны support@anketka.com. мекенжайы бойынша бізге жіберуіңізді сұраймыз, біз жағдайды анықтап, тиісті шаралар қабылдаймыз.
-
-
Өзі туралы ақпаратты өзгерту және жобаға қатысуды тоқтату
-
Құпиясөзді қалай өзгертуге болады?
Құпиясөзді өзгерту үшін Жеке кабинетке кіріңіз, Баптаулар бөліміне өтіп, Құпиясөзді өзгерту тармағын таңдаңыз.
-
Шақырулардың электрондық поштаның басқа мекенжайына келуі үшін не істеу керек?
Жеке кабинетке кіріп, Баптаулар бөліміне өтіп, Е-mail-ды өзгерту тармағын таңдауыңызды сұраймыз.
-
Мен өзімнің тіркелу ақпаратымды қалай өзгерте аламын?
Ол үшін жеке кабинетке кіріп, Баптаулар бөліміне өтіп, Деректерді өзгерту тармағын таңдауыңызды сұраймыз.
-
Мен Анкетка жобасына қатысуды қалай тоқтата аламын?
Егер Сіз біздің жобаға қатысуды тоқтатқыңыз келсе, Жеке кабинеттегі Баптаулар бөліміне өтіп, Жобаға қатысуды тоқтату тармағын таңдаңыз. Біз Сіздің жобаға қатысқаныңызды жоғары бағалаймыз және Сіз өз ойыңызды өзгертіп, біраз уақыттан кейін бізге қайта тіркелесіз деп үміттенеміз.
-
-
Анкетка жобасының серіктестік және реферальды бағдарламасы
-
Мен өз достарымды Анкетка жобасына тіркелуге шақыра аламын ба?
Ия, әрине! Ол үшін Жеке кабинетке кіріңіз. Онда Сіздің реферальды сілтемеңіз көрсетілген. Оны әлеуметтік желілерге, сайтқа орналастырыңыз немесе достарыңызға жіберіңіз. Сіздің сілтемеңізде тіркелген және өзінің қатысатындығын растайтын әрбір досыңыз үшін Сізге жобадағы шотыңызға 30 ұпай есептеледі. Назар аударыңыз: сыйақы автоматты түрде есептелмейді, апта сайын тіркеуді тексергеннен кейін есептеледі
-
Сіздердің сайттарыңызда серіктестік бағдарламасы бар ма?
Иә, бізде серіктестік бағдарламасы бар. Егер Сізде біздің сайтымызға жаппай трафикті тарту (айына кемінде 100 тіркеу) мүмкіндігі болса, онда бұл бағдарлама Сізге арналған. Бізге recruit@anketka.com мекенжайына хат жолдауыңызды сұраймыз, ал біз Сізге серіктестік бағдарламасының шарттарын жібереміз.
-